Боралдайда көлік дүкенге кіріп кетті
Алматы облысының Боралдай кентінде жеңіл автокөлік дүкеннің сауда залына кіріп кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік жүргізген қыз қозғалыс кезінде өзін жайсыз сезініп, ұстама болғанын айтқан. Алайда оның нақты жағдайы және оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші жауапкершілікке тартылып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.