Әлем

АҚШ-та ұшақ билеттерінің бағасы өсті

АҚШ-та жанармай бағасының өсуіне байланысты әуе билеттері қымбаттап жатыр. Қыркүйек айында ұшақ билеттерінің құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға өскен. Баға осымен қатарынан оныншы ай көтеріліп отыр. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Жанармай құнының өсуі әуе компанияларының шығындарын арттырған. Мәселен, American Airlines компаниясының жанармайға жұмсаған қаржысы 70%-ға өсіп, 2 миллиард долларға жеткен.

Шығындарды азайту үшін тасымалдаушылар тиімсіз рейстерді қысқартып, табысы жоғары бағыттарға басымдық беріп жатыр. Сонымен қатар компаниялар қымбат санаттағы орындардың үлесін арттыруда.

Мәселен, Delta Air Lines компаниясының премиум санаттағы билеттерден түскен табысы соңғы үш айда 20%-ға өскен.

Сарапшылардың айтуынша, жанармай бағасының қымбаттауы әуе тасымалының өзіндік құнына тікелей әсер етеді. Бұл өз кезегінде жолаушылар үшін ұшу бағасының өсуіне әкелуі мүмкін.