Тоқаев: Қазақстан паспорты әлемде жоғары құрметке ие
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның халықаралық беделі мен ел паспортының мәртебесі туралы айтты. Президент сондай-ақ үшінші суперкомпьютер іске қосылатынын жариялады.
Қазақстан әлемде дамыған, тұрақты әрі зайырлы мемлекет ретінде танылып, орта держава ретінде жаһандық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты.
Президенттің сөзінше, Қазақстанның салмақты әрі жауапты сыртқы саясаты елдің халықаралық беделін сақтап отыр.
«Біздің паспорт әлемде зор құрметке ие. Біздің азаматтар мен бизнес үшін барлық шекара ашық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы үшінші суперкомпьютердің іске қосылатынын хабарлады.