Sportroom

⁠Елена Рыбакина финалда қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті. Финалда ол Канаданың өкілі, әлемдік рейтингте 30-орында тұрған Лейла Фернандесті екі сетте жеңді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Финалдық кездесу 6:2, 6:2 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, қазақстандық спортшы Нинбодағы чемпиондық атағын екінші жыл қатарынан қорғап қалды. Бұл — оның 2026 жылғы маусымдағы төртінші титулы және кәсіби мансабындағы 15-ші жүлдесі.

Турнирдегі жеңісі үшін Рыбакина рейтинг қоржынына 500 ұпай қосты. Ол биыл Australian Open, Штутгарт және US Open турнирлерінде де топ жарған.