Ақтөбеде TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды
Ақтөбе қаласының тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамалды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Полиция қызметкерлері тікелей эфир барысында әдепсіз әрекеттерге жол берген азаматтың жеке басын анықтаған. Ол 42 жастағы Абдулла Қоңырбаев болып шықты.
Сот ер адамға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Полиция өкілдері әлеуметтік желілер де қоғамдық кеңістік саналатынын еске салды. Сондықтан тікелей эфир жүргізу заң талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.