weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының финалы өтті

Алматы қаласында жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 халықаралық олимпиадасының үшінші маусымы қорытындыланды. Әлемнің 16 елінен келген оқушылар үш күн бойы IT саласындағы практикалық тапсырмаларды орындап, 11 млн теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Алматыда FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының финалы өтті

Биыл олимпиадаға қызығушылық айтарлықтай артқан. Іріктеу кезеңіне 28 мемлекеттен шамамен 1500 оқушы қатысса, финалға 16 елдің атынан 47 команда жолдама алды. Қатысушылар машиналық оқыту, деректерді талдау және бағдарламалау бағыттары бойынша тапсырмалар шешті. Есептер нақты технологиялық мәселелерге барынша жақындатылып әзірленген.

FAIO 2026 олимпиадасының бас серіктесі — activ брендімен жұмыс істейтін «Кселл» АҚ.

«Үш жылдың ішінде FAIO жергілікті бастамадан әлемнің түкпір-түкпіріндегі жас таланттарды біріктіретін маңызды халықаралық алаңға айналды. Осындай жобаларды қолдау Қазақстанда және одан тыс жерлерде технологиялар мен цифрлық экономиканы дамытатын жаңа буын мамандарының қалыптасуына ықпал етеді», — деді «Кселл» АҚ корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Байрам Азизов.

Олимпиаданың негізін қалаушылар әрі идея авторлары — жасанды интеллект саласындағы сарапшылар Қуаныш Өтеу мен Әділхан Тоқтағанов. Олардың бастамасы мектеп оқушыларының технологияға қызығушылығын арттырып, болашақ AI мамандарын ерте кезеңнен анықтауға мүмкіндік беретін халықаралық платформаның қалыптасуына жол ашты.

FAIO оқушылардың инженерлік ойлауын, зерттеу дағдыларын және озық технологияларға қызығушылығын дамытуға бағытталған. Тапсырмаларды жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін мамандар мен зерттеушілер әзірлейді. Қатысушылардың жұмыстары алынған нәтижелердің сапасы мен шешімдердің тиімділігіне қарай бағаланады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер