weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠«Борат» Қазақстаннан кешірім сұрады

Британдық актер әрі комик Саша Барон Коэн Қазақстан халқынан «Борат» кейіпкері үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, бұл образдың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ және кейіпкер адамдардың надандығы мен стереотиптерін әшкерелеу үшін жасалған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠«Борат» Қазақстаннан кешірім сұрады
Фото: Ашық деректер көзі

Актер Happy Sad Confused подкастында Бораттың неліктен Қазақстан азаматы ретінде көрсетілгенін түсіндірді. Коэннің сөзінше, ол өзі сөйлескен адамдардың көпшілігі жақсы білмейтін елді іздеген. Осылайша, көрермендердің бейтаныс мемлекет туралы тіпті қисынсыз әңгімелерге де сенуге қаншалықты дайын екенін көрсеткісі келген.

Саша Барон Коэн кейіпкердің ұлты жобаға байланысты өзгеріп отырғанын да айтты. Оның сөзінше, Борат әр кезеңде Албания мен Молдованың өкілі ретінде қарастырылған. Кейін кейіпкердің отаны ретінде Қазақстан таңдалған.

Актердің айтуынша, оның мақсаты белгілі бір елді мазақ ету емес, адамдардың білмейтін дүниесіне қатысты қалыптасқан жаңсақ пікірлері мен надандығын әшкерелеу болған.

Коэн Қазақстан елшілігінің өз кейіпкеріне қатысты шағымдарын да еске алды. Атап айтқанда, елшілік Бораттың сыртқы келбеті мен мұртына қатысты сұрақтар қойған. Енді актер Қазақстан тарапынан айтылған сынның орынды болғанын мойындады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер