Димаш Түркия төрінде ән шырқады
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында мемлекет басшыларына арналған мерекелік концертте өнер көрсетті. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Концертке Түркияның Президенттік симфониялық оркестрі мен «Түркі әлемі» ансамблі қатысты. Музыкалық кеште түркі халықтарының мәдениеті мен өнері кеңінен таныстырылды.
Концерт аяқталған соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергенмен арнайы әңгімелесті. Өзге мемлекеттердің басшылары да қазақстандық әншінің өнеріне жоғары бағасын беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Әлемдік сахналарда қазақ ән өнерін танытып жүрген Димаш Құдайберген бұл жолы да халықаралық аудитория алдында өнер көрсетті.