Аймақтар

⁠Ақтөбе облысында кенші ауыр жарақаттан көз жұмды

Ақтөбе облысындағы «Қазхром» компаниясына қарасты шахтада жұмысшы ауыр жарақат алып, көз жұмды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға 29 қазанда Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы Дон тау-кен байыту комбинатында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, вагондарды тіркеу жұмысы кезінде кенші ауыр жарақат алған. Оны шұғыл түрде Хромтау қаласындағы ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады.

ERG тобына кіретін «Қазхром» компаниясы марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді.

Қайғылы оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Жұмысшының қаза болу мән-жайын мемлекеттік еңбек инспекциясы өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия анықтайды.