Тоқаев кеден саласына қатысты заңдарды бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстан және Пәкістанмен кеден саласындағы байланысын нығайтуға бағытталған екі заңға қол қойды. Бұл туралы Newsroom.kz
Алғашқы құжат Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы екі елдің кеден қызметтері өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялауды көздейді.
Екінші заң Қазақстан мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы кедендік мәселелер бойынша ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек көрсету туралы келісімді ратификациялауға қатысты.
Аталған құжаттар екі мемлекетпен кеден саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға және тиісті келісімдерді заңнамалық тұрғыдан бекітуге мүмкіндік береді.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.