Қазақстанның ерлер құрамасы Бакуде өткен өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында «Боевое развертывание» жаттығуында жеңіске жетіп, жаңа әлем рекордын орнатты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
XXI ерлер және XII әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының соңғы күнінде осы бағдарлама бойынша жарыстар өтті. Қазақстан құрамасы Моңғолия мен Өзбекстан командаларын артта қалдырды.
Күміс жүлде Моңғолия спортшыларына бұйырды, олардың нәтижесі — 25,08 секунд. Қола медальді Өзбекстан құрамасы жеңіп алып, 25,45 секунд көрсеткішіне қол жеткізді.
Қазақстанның ерлер құрамасында Ансар Шамшоллаев, Назарбек Ануарбеков, Абай Конысбаев, Динмухамед Абильбаев, Петр Подгородецкий, Дмитрий Савон және Ильдар Избасаров өнер көрсетті.
Әйелдер жарысында Ресей құрамасы 23,79 секунд нәтижемен әлем рекордын жаңартып, бірінші орын алды. Беларусь спортшылары 23,92 секундпен екінші орынға көтерілсе, Қазақстан құрамасы 25,41 секунд нәтижемен үшінші болды.
Қазақстан атынан Алла Серикханова, Айдана Байтикова, Ситора Реджеметова, Оксана Дзолба, Регина Аленина, Кристина Подгородецкая және Валентина Салмина сынға түсті.
Төрт күнге созылған және төрт дисциплинаны қамтыған жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды. Ерлер арасында бірінші орын Ресейге, екінші орын Беларуське бұйырды. Әйелдер турнирінде де қорытынды орындар дәл осылай қалыптасты.