auto.room

«Тағы да көлік жарылды…»: Газ орнатылған көлік өртке оранды

Ақтауда Hyundai Elantra автокөлігі өртеніп, артынша ішіндегі газ баллон жабдығы жарылды. Оқиға 12 қарашада 27-шағын ауданда болған

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көліктің өртенгені туралы хабарлама сағат 11:46-да түскен. Автокөлікке сыйымдылығы 45 литрлік газ баллоны орнатылған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін газ жабдығы жарылып кеткен. Тілсіз жау сағат 11:58-де толық сөндірілді.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның алты қызметкері мен бір арнайы техника жұмылдырылды