weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жалақыдан ұсталатын салық азаяды: 2027 жылы қазақстандықтар қанша үнемдейді?

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы бойынша базалық шегерім мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде жұмысшылардың қолға алатын жалақысы көбеюі мүмкін.

Жалақыдан ұсталатын салық азаяды: 2027 жылы қазақстандықтар қанша үнемдейді?
Newsroom.kz коллажы

2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына сәйкес, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгеден 4 693 теңгеге дейін өсуі ықтимал.

Қолданыстағы Салық кодексі бойынша базалық шегерім 30 АЕК-ті құрайды. Осыған байланысты оның мөлшері айына 129 750 теңгеден 140 790 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

Яғни салық салынатын табыстан шегерілетін сома 11 040 теңгеге артады. Жеке табыс салығының мөлшерлемесі 10% болған жағдайда қызметкер ай сайын 1 104 теңге үнемдей алады. Бір жылда бұл 13 248 теңгені құрайды.

Мәселен, ай сайын 500 мың теңге жалақы алатын қызметкердің жеке табыс салығы 2026 жылы 31 025 теңге болса, жаңа шегерім енгізілген жағдайда 2027 жылы 29 921 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін.

Сонымен қатар АЕК-тің өсуі әлеуметтік салық шегерімдерінің мөлшеріне де әсер етеді. Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жылдық шегерім 21 млн 625 мың теңгеден 23 млн 465 мың теңгеге дейін ұлғаюы ықтимал.

Базалық шегерім қызметкердің өтініші негізінде бір жұмыс беруші арқылы қолданылады. Ал әлеуметтік шегерімдерді пайдалану үшін тиісті құжаттар ұсынылуы қажет.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер