Жаңалықтар

Балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым салынды деген ақпарат – жалған

Қоғамдық көлікте балалар арбасымен жүруге шектеу қойылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы ережелер ата-аналарға балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салмайды.

Жаңа талаптарға сәйкес, автобус ішінде жолаушылар саны шамадан тыс көп болған жағдайда және ата-аналарға арналған бос орын бар болса, балалар арбасын жинап тасымалдау қарастырылған. Бұл ретте арба өзге жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмеуі қажет.

Аталған өзгерістердің басты мақсаты – қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолаушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік жасау.

Сонымен қатар, ата-анаға арбаны жинау қолайсыз болған жағдайда, сапарын оны жайылған күйінде жалғастыра алады.

Ең бастысы, бұл талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе басқа да жаза қолдану қарастырылмаған.