Путин мен Трамп АТЭС саммиті аясында кездесті
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен АТЭС саммиті аясында екіжақты кездесу өткізді. Ақ үй басшысы Ресей президентімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, оны досы деп атады.
Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуі Шэньчжэнь қаласындағы Халықаралық алмасулар орталығында өтті. Келіссөздер АТЭС саммитінің пленарлық отырысынан кейін ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Дональд Трамп Владимир Путинмен қарым-қатынасына тоқталып, Ресей басшысын көргеніне қуанышты екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Путинді досы деп атап, екі ел арасындағы байланыстардан оң нәтиже күтуге болатынын айтты.
«Меніңше, бұл кездесуден жақсы нәтижелер шығуы мүмкін. Қалай болғанда да, оң өзгерістерге бастама болуы ықтимал», – деді АҚШ президенті.
Айта кетейік, бұған дейін АТЭС көшбасшыларының бірлескен суретке түсу рәсімі алдында Путин мен Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен амандасып, қысқаша әңгімелескен болатын.