Әлем

Иран Бахрейндегі АҚШ базаларына соққы беріп, өрт шықты

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейндегі екі АҚШ базасына шабуыл жасағанын хабарлады. Соққыдан кейін азаматтық өнеркәсіп нысанында өрт тұтанған.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейндегі екі АҚШ базасына соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлады.

Ирандық Fars агенттігі таратқан мәліметке қарағанда, КСИР «америкалық қарсыластың әрекетіне жауап ретінде» Шейх-Иса және Әл-Джуфейр базаларына шабуыл жасаған.

Кейінірек КСИР Бахрейндегі Риффа және Авали әскери базаларына жасалған соққы кезінде Patriot жүйелерінің екі радарына да шабуыл жасалғанын хабарлады. Мәлімдемеде операция зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды қолдана отырып жүргізілгені айтылды.

Бахрейннің азаматтық қорғаныс қызметі соққыдан кейін азаматтық өнеркәсіп объектісінде өрт шыққанын хабарлады. Ведомство қазір оқиға орнында өртті ауыздықтау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Иранның шабуылы салдарынан азаматтық өнеркәсіп нысанына соққы жасалып, соның нәтижесінде өрт шықты. Қазіргі уақытта азаматтық қорғаныс бөлімшелері өртті сөндіру шараларын жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

Алдын ала дерек бойынша, оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.