weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Белгілі заңгер Базарбектің баласының коляскасын жағып жіберіпті

Белгілі заңгер Базарбектің баласының коляскасын жағып жіберіпті

Белгілі заңгер Базарбектің баласының коляскасын жағып жіберіпті
ашық дереккөзі
  Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан локкы басталды - деп жазды Мәжілісі депутаты әрі жер саласы бойынша жұрт назарына танылған Бақытжан Базарбек өзінің фейсбук парақшасында. “Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген” - деген Бақытжан Базарбек “Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар жоғын ескертіп, білдіртіп отыр!” - деп жазған. Ал оның әріптесі әрі белгілі ақын-депутат Жанарбек Әшімжан: “Әріптесім Бақытжан Базарбекке шабуыл - барша депутаттарға шабуыл деп бағалау керек. Әділеттілік үшін күресіп жүрген азаматты бұлай үркітіп-қорқытып, тура жолынан тайдырғысы келетіндер - сыбайлас-жемқорлықты жақтаушылар” - деген пікір қалдырған. Аталмыш пост астына әлеуметтік желі қолданушылары құқық қорғау органдарын белгілеп, заңгер-депутаттан сақ болуды жазып жатыр. Фото: Б.Базарбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→