weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жиналыстарды тек қазақ тілінде өткіземін – «Бәйтерек» холдингінің жаңа басшысы

Бұған дейін ауыл шаруашылық саласында жұмыс істедім,-деді ол

Жиналыстарды тек қазақ тілінде өткіземін – «Бәйтерек» холдингінің жаңа басшысы
Фото: Qaz365.kz

Ақпан айында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне Рустам Қарағойшин төраға болып тағайындалған еді. Бүгін Үкімет отырысынан кейін жаңа басшы жиналыстарды тек қазақ тілінде өткізіп жүргенін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет кулуарында тілшілердің бірі «Бәйтеректе» бұған дейін мекеме мамандарының басым көпшілігі орыс тілді мамандар болатын. Жиындар орыс тілінде өтетін. Қазір жағдай өзгерді ме?» деп сұрады.

«Бұған дейін ауыл шаруашылық саласында жұмыс істедім. Ауыл адамдарымен кездесіп, осыған дейін тілдесіп келдік. Қазақ болғаннан кейін өзіміздің тілімізді дамыту керек. Сондықтан қазіргі таңда біздің «Бәйтерек» мекемесінің басқарма отырыстары қазақша өтеді. Біз енді әріқарай да қазақ тілін дамытуға тырысамыз. Біреулерге «тек қазақша сөйле» деп қысым көрсету жоқ. Бірінші өзіміз үлгі болып, артымыздан үлес қоссын деген мақсатта қазақ тілінде сөйлейміз», – деді Рустам Қарағойшин.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→