Жаңалықтар

Жұмыс кестесі  8:00–17:30. Нәтиже қандай?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8:00–ден 17:30–ға дейінгі жаңа жұмыс уақыты тәртібін тиімді деп бағалап отыр. Бұл жөнінде Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин Үкімет үйінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа кесте қызметкерлерге таңғы кептелістен оңай өтуге және кешкі уақытын отбасы мен жеке шаруаларына арнауға мүмкіндік береді.

– Таңғы уақытта, шамамен 7:30-да үйден шықсаңыз, көшеде көлік аз, жұмысқа еркін жетуге болады. Ал 17:30-да жұмысыңыз аяқталып, әлі күн жарықта өзіңізге немесе жақындарыңызға уақыт бөлуге болады. Сонымен қатар, басқа мемлекеттік органдармен өзара байланыс та ыңғайлы болып келеді. Мәселен, Астана әкімдігі де икемді кестеге көшіп жатыр, – деді Ерболат Әбілхатин.

Ол сондай-ақ комитет қызметкерлері тарапынан жаңа тәртіпке байланысты ешқандай наразылық болмағанын да атап өтті.