Тибет тауларында балықтың жаңа түрі табылды
Қытайдың Тибет аймағында ғалымдар тау жайыны тұқымдасына жататын балықтың жаңа түрін тапты. Жаңадан сипатталған бұл түрге Glaridoglanis verruciloba деген ғылыми атау берілген.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жаңалық Тибет үстірттік биология институты мен Тибет жаратылыстану мұражайы жетекшілік еткен ғылыми экспедиция барысында анықталған. Зерттеу жұмысына Қытайдағы бірнеше жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу орталықтарының мамандары қатысқан. Экспедиция Тибеттің Линьчжи қаласына қарасты Дзаю уезі аумағында жүргізілген.
Ғалымдардың айтуынша, бүгінге дейін тау жайыны тұқымдасындағы verruciloba туысына жататын бар болғаны үш түр ғана белгілі болған. Солардың бірі — осы жаңадан тіркелген Glaridoglanis verruciloba. Қазіргі деректерге сүйенсек, бұл балықтың таралу аймағы Гималайдың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Дзаю өзенінің алабымен ғана шектеледі.
Мамандар бұл жаңалықты Гималай өңіріндегі биологиялық әртүрлілікті тереңірек зерттеу мен аймақтың табиғи ерекшеліктеріне сай қорғау шараларын әзірлеу тұрғысынан маңызды ғылыми жетістік деп бағалап отыр. Сонымен қатар жаңа дерек алдағы уақытта Гималай аймағындағы балықтардың эволюциялық дамуын зерттеуге тың серпін бермек.