Осы мақсатта Түрікменстаннан жеткізілетін көкөністерге шекарада «жасыл дәліздер» іске қосылмақ. Бұл – өзінде жылыжай өндірісі жеткіліксіз өңірлерді қолжетімді бағадағы өніммен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 22–31 желтоқсан аралығында еліміздегі супермаркеттерде Bereke fest акциясы өтеді. Оның аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары делдалсыз, тікелей фермерлерден және нарықтағы бағадан төмен сатылмақ.
Желтоқсан айында Қазақстан бойынша 800-ден астам ауыл шаруашылығы және мерекелік жәрмеңке ұйымдастыру жоспарланған. Әсіресе шалғай өңірлерге — Ұлытау мен Маңғыстау облыстарына басымдық беріледі.
Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, соңғы төрт апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасында өсім тіркелмеген.