weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 желтоқсан, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үндістанда үйде отырған әйелдерге жалақы төлене бастады

Түрлі-түсті сари киген үнді әйелдері телефондарында түскен төлемнің растамасын көрсетіп жүр, деп хабарлайды newsroom.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Үндістанда үйде отырған әйелдерге жалақы төлене бастады
Фото: bbc

Үндістанның орталық бөлігіндегі Мадхья-Прадеш штатындағы ауылда тұратын үй шаруасындағы әйел Премила Бхалави ай сайын аз болса да, тұрақты қаржы алып келеді. Мұны жалақы деу қиын — оның ресми жұмысы жоқ. Бұл — мемлекеттен берілетін өзгеше әлеуметтік көмек.

Айына 1 500 рупий (шамамен 8 500 теңге) — қомақты сома емес. Алайда Премиланың айтуынша, бұл қаражат дәрі-дәрмек алуға, көкөніс сатып алуға және ұлының мектеп шығындарын өтеуге жетеді. Ең бастысы — бұл көмектің маңызы тек ақшамен өлшенбейді. Тұрақты табыс, өз өмірін өзі басқара алатынын сезіну, дербестік — мұның бәрі әйел үшін баға жетпес құндылық, дейді ол.

Премила секілді әйелдердің қатары күн сайын артып келеді. Қазір Үндістанның 12 штатында 118 миллион әйел осындай төлем алып отыр. Осылайша ел әлемдегі ең ауқымды әлеуметтік эксперименттердің бірін жүзеге асыруда.

Бұған дейін Үндістан ұзақ жылдар бойы астыққа, отынға және ауыл шаруашылығы өнімдеріне субсидия беріп келген. Енді ол бір қадам алға шығып, белгілі бір жастағы әйелдерге үй шаруасын жүргізіп, отбасының негізгі күтім жүгін көтеріп жүргені үшін тікелей қаржы төлеуге көшті. Бұған қоса, бұл — сайлауда елеусіз қалдыруға болмайтын ауқымды электорат.

Көмек алушыларды іріктеу талаптары штаттарға қарай әртүрлі: жас шектеулері, табыс деңгейіне қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметкері бар, салық төлейтін немесе көлігі мен ірі жер телімі бар отбасыларды тізімнен шығару сияқты шарттар бар.

«Мұндай ақшалай төлемдер Үндістан штаттарындағы әлеуметтік қорғау жүйесінің әйелдерге бағытталған елеулі түрде кеңейгенін көрсетеді», — дейді BBC-ге Лондон корольдік колледжінің құқық және әлеуметтік әділет профессоры Прабха Котисваран.

Ай сайынғы төлем көлемі 1 000–2 500 рупий (5 600–14 200  теңге) аралығында. Бұл — үй шаруашылығы табысының шамамен 5–12 пайызы ғана. Дегенмен, ең маңыздысы — оның тұрақты түрде берілуі. Қазір Үндістанда 300 миллион әйелдің жеке банктік шоты бар, сондықтан қаржы аудару үдерісі жеңіл әрі жедел жүзеге асады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→