weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Йогурт толы жүк көлігі аударылып, йогурттар халыққа таратылды

Маңғыстау облысында Боранқұл ауылы маңындағы 64-разъезде йогурт тиелген жүк көлігі аударылды.

Йогурт толы жүк көлігі аударылып, йогурттар халыққа таратылды

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, фураны аударып алған. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шекпеген, медициналық көмекке де жүгінудің қажеті болмаған.

Апат салдарынан йогурттардың бір бөлігі бүлінген. Өнім тез бұзылатын болғандықтан, жүргізуші оны далаға тастамай, жергілікті тұрғындар мен сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілерге тегін таратып берген.

Облыстық полиция департаменті жол апатының болғанын растады. Ведомство мәліметінше, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

«Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек ешкімге көрсетілген жоқ. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша (жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан көлік құралдарына, жүкке немесе өзге де мүлікке материалдық залал келтіру) әкімшілік хаттама жасалды. Бұл 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, яғни 78 640 теңге», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→