Астанада бүгін бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
17 желтоқсан күні Астанада қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, қалада қар жауып, боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, ауа райының бұзылуы жол қозғалысын қиындатып, жаяу жүргіншілер үшін қауіп тудыруы ықтимал. Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын 0–6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райына қатысты ақпараттарды қадағалап отыру ұсынылады.