weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтауда ауаны кім ластағаны анықталмай жатыр

Ақтауда жағымсыз иістің шығу көзін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, алайда әзірге нақты нәтиже жоқ. Бұл туралы жергілікті Lada.kz-ке сілтеп newsroom.kz хабарлайды..

Ақтауда ауаны кім ластағаны анықталмай жатыр
Фото: ДЭ МО

16 желтоқсанда Маңғыстау облысының экология департаменті облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп, қала аумағында және маңындағы елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізген.

Ауа сынамалары ТОО «Рекон-Ақтау», ТОО «Oil Transshipment», КазАзот, 6/114 өндірістік аймағында және ТОО «КАЗпол» аумағында алынған.

Экология департаментінің мәліметінше, зерттеу нәтижелері бойынша ауа құрамындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден асуы тіркелмеген. Мониторингтік жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Еске салайық, 15 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында қала аумағын тұншықтыратын жағымсыз иіс басқан. Тұрғындардың айтуынша, ауада мұнай өнімдерінің иісі сезілген.

Кейін жүргізілген зерттеулер барысында иістің шығу көзі өндірістік аймақ, соның ішінде «Рекон» базасы маңы екені анықталған. Бұл аумақта көміртек тотығы (CO) бойынша шекті мөлшерден асып кету фактілері тіркелген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→