weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза болды

Батыс Қазақстан облысында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза болды

Қайғылы жағдай 16 желтоқсан күні кешкі сағат 20:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, KIA K5 көлігін басқарған 36 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол сәтте ол ВАЗ-2104 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің 51 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Полицияның хабарлауынша, екі көлік те арнайы айып тұрағына қойылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, KIA K5 жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→