Токио қаласындағы императорлық сарайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Жапония императоры Нарухито салтанатты түрде қабылдады. Бұл кездесу Мемлекет басшысының Жапонияға жасаған ресми сапары аясында өтті.
Алдағы күндері Қазақстан мен Жапония өкілдері саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін қамтитын келіссөздер жүргізеді. Ақорданың мәліметінше, сапар қорытындысында жалпы құны 3,7 миллиард АҚШ долларын құрайтын бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.