weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Израиль Атырау облысында битум зауытын салады

Атырау облысында жаңа битум зауытының құрылысы басталады. Жоба бойынша инвестициялық келісім Астанада өткен Қазақстан–Израиль бизнес-форумында жасалды.

Израиль  Атырау облысында битум зауытын салады
Фото: Shutterstock.

Kazakh Invest мәліметінше, форумға Израильдің 30-дан астам компаниясының өкілдері қатысқан. Іс-шара Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саардың Қазақстанға ресми сапары аясында өтті.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың айтуынша, өткен жылдың 11 айында Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 162 млн долларды құраған. Дегенмен тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге әлеует бар екенін атап өтті.

«Қазақстан мен Израиль агротехнологиядан бастап цифрлық шешімдер мен су ресурстарын басқаруға дейін бірін-бірі толықтырады. Біз бірлескен жобалар мен ұзақмерзімді серіктестікке мүдделіміз», — деді Қуантыров.

Форумның басты нәтижесі — Атырау облысында битум зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісім. Жоба ішкі нарықты битуммен қамтамасыз етуді күшейтіп, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→