Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыстан суық антициклон ықпал етеді. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.
Түнгі уақытта батыс облыстарда 15–25 градус аяз күтіледі. Солтүстік пен орталықта 28–37 градусқа дейін төмендесе, шығыс өңірлерде 32–40 градус аяз болады. Оңтүстікте түнгі температура 0–10 градус аралығында сақталады.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік облыстарда кей жерлерде жауын-шашын түсіп, кей кездері күшейеді, негізінен жаңбыр түрінде болуы ықтимал. Сонымен қатар жел екпіні артып, көктайғақ пен тұман түсу қаупі бар.
Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгерісін ескеріп, жолға шыққанда сақ болуға шақырады.