IX съезде Кореяның Еңбек партиясы бас хатшысы лауазымына Ким Чен Ын қайта сайланды. Бұл туралы КХДР-дың орталық ақпарат агенттігі хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, шешім делегаттардың толық қолдауымен қабылданған. Мемлекеттік басылымдар бұл таңдауды «соңғы бес жылдағы тарихи өзгерістердің нәтижесіне берілген баға әрі халықтың ерік-жігерінің көрінісі» деп сипаттады.
Кореяның Еңбек партиясы — КХДР-дағы жетекші саяси күш. Елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын осы партия айқындайды. Ким Чен Ын партияны 2021 жылдан бері басқарып келеді.