Әлем

Ким Чен Ын тағы да бас хатшы: шешім бірауыздан қабылданды

Солтүстік Кореяда билік партиясының съезі өтіп, Ким Чен Ын қайтадан бас хатшы қызметіне сайланды. Делегаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдаған.

IX съезде Кореяның Еңбек партиясы бас хатшысы лауазымына Ким Чен Ын қайта сайланды. Бұл туралы КХДР-дың орталық ақпарат агенттігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, шешім делегаттардың толық қолдауымен қабылданған. Мемлекеттік басылымдар бұл таңдауды «соңғы бес жылдағы тарихи өзгерістердің нәтижесіне берілген баға әрі халықтың ерік-жігерінің көрінісі» деп сипаттады.

Кореяның Еңбек партиясы — КХДР-дағы жетекші саяси күш. Елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын осы партия айқындайды. Ким Чен Ын партияны 2021 жылдан бері басқарып келеді.