weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жас сарапшылар мен Конституциялық комиссия мүшелері: ашық диалог алаңы ҚСЗИ-де өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Конституциялық комиссия мүшелері мен жас сарапшылардың қатысуымен «Конституциялық реформаның негізгі қағидалары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында диалог алаңы өткізілді,– деп хабарлайды newsroom.kz

Жас сарапшылар мен Конституциялық комиссия мүшелері: ашық диалог алаңы ҚСЗИ-де өтті

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – Басқарма мүшесі Индира Рыстина, саясаттанушы Талғат Қалиев, сондай-ақ «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова сөз сөйледі.

Кімдер қатысты? 

Іс-шараға ҚСЗИ-дың жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы түлектері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің қатысушылары, сондай-ақ елдің жетекші зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.
Кездесу сұрақ-жауап сессиясы форматында өтті.

Не талқыланды? 

Талқылаудың орталығында – экологиялық мәселелер, азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау, ұлттық және халықаралық құқық арасындағы қатынас, Конституцияны енгізу бойынша өтпелі кезең, сондай-ақ жаңа саяси институттар: Қазақстан Халық Кеңесі, Құрылтай және ВицеПрезидент болды.


Жас сарапшылардың жаңа Конституция жобасында экологиялық қауіпсіздікті бекіту туралы сұрағына жауап бере отырып, ҚСИИ директоры Жандос Шаймарданов құжатта азаматтар мен мемлекет үшін кешенді міндеттер белгіленгенін атап өтті.

«Азаматтарға да, мемлекеттің өзіне, мемлекеттік органдарға, соның ішінде бизнес өкілдеріне де тікелей жауапкершілік жүктейтін нормалар бар», – деді Ж. Шаймарданов.

Саясаттанушы Талғат Қалиев қоршаған ортаны қорғау ережелерін кіріспенің құндылық шеңбері арқылы – қазіргі ұрпақтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігінің көрінісі ретінде қарастыру керектігін қосты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→