Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қазіргі уақытта Иран аумағында Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар.
18 азамат – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі – студент, 70 адам «Заркух» зауытында еңбек етуде. Ал алты қазақстандық Иранда жеке шаруаларымен жүр.
Министрлік пен Қазақстанның шетелдегі мекемелері азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта қазақстандықтар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.