Ирандағы қазақстандықтарға қауіпсіздік шаралары бойынша хабарландыру жасалды
Қазақстанның Ирандағы елшілігі Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіске байланысты адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға, ресми ақпарат көздерін қадағалауға, қажетсіз сапарларды шектеуге және жеке құжаттарды әрдайым өзімен бірге алып жүруге шақырады,— деп хабарлайды newsroom.kz
Елшіліктің тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс желісі:
• Тегеран Елшілігі: +98 21 2256 5933, WhatsApp +98 936 208 4672
• Горган Бас консулдығы: +98 912 298 0350, +98 173 252 0443, WhatsApp +7 701 771 34 01
• Бендер-Аббас Консулдығы: +98 930 298 57 03 (WhatsApp)
«Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран-Әзербайжан, Иран-Армения, Иран-Түркия және Иран-Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы шешу мақсатында жоғарыда көрсетілген ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.