weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 13:37 / Перизат Ілес / Елорда
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жаңа Конституция: Жоғары медициналық колледжде қызу талқылау өтті

Астана қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледжінде ҚР Конституция жобасын талқылау мақсатында кездесу өтті,– деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа Конституция: Жоғары медициналық колледжде қызу талқылау өтті

Кімдер қатысты? 

Жиынға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Дәулеткерей Кәпұлы, Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Жанаргүл Күлмағамбетова және «Республика» партиясының өкілі Болатбек Айткей қатысты.


Кездесу барысында Ата заң жобасының ел болашағы үшін маңызы кеңінен сөз болды. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи сабақтастықты жалғастыру және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды. Әсіресе, жастардың белсенділігі мен құқықтық сауаттылығы – елдің берік келешегінің кепілі екені айтылды.

Жиын ашық пікір алмасу түрінде өтіп, студенттер мен оқытушылар өз ойларын ортаға салды. Мұндай кездесулер жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, ел тағдырына бейжай қарамауға үндейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→