Иран Президенті Масуд Пезешкиан өңірдегі ахуалдың ушығуына байланысты халыққа арнап телемәлімдеме жасады.
Ол өз сөзінде Иран қарсыластарының әскери инфрақұрылымын жоюға ниетті екенін айтып, ел ішінде бірлік пен тұтастықты сақтауға шақырды.
Пезешкиан телеүндеу барысында Иранның рухани жетекшісі Али Хаменеи қаза тапқанын ресми растады. Президент халыққа көңіл айтып, ел жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Уақытша басқару кеңесінің жұмысқа кіріскені хабарланды. Оның құрамына Президенттің өзі, сот жүйесінің басшысы Голам-Хоссейн Мохсени-Эджеи және аятолла Әлиреза Арафи енген.
Пезешкиан ұлттық арнадағы үндеуі арқылы өзінің қаза тапқаны жөніндегі қауесеттерді жоққа шығарды.