weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматылық зиялы қауым өкілдері референдумға қатысуға шақырды

Алматыда белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет, ғылым, білім және спорт саласының көрнекті өкілдері алдағы референдумға қатысты өз ұстанымын білдіріп, оны ел болашағына тікелей ықпал ететін тарихи оқиға деп бағалады. Олардың пікірінше, бұл – жай ғана саяси рәсім емес, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең,— деп хабарлайды newsroom.kz

Алматылық зиялы қауым өкілдері референдумға қатысуға шақырды

Мәселен, Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев адам құқығының үстемдігі мемлекеттің құқықтық негізін нығайтатынын атап өтті. Ал мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин құжаттың стратегиялық маңызына тоқталды.

Алматы зиялылары ұсынылып отырған өзгерістердің әлеуметтік сипатына ерекше назар аударды. Олардың айтуынша, құжат мазмұны жағынан түсінікті болып, адам мүддесіне жақындай түскен.

«Жаңа Конституциямыздың әлеуметтік бағыты айқындалып, ол халыққа жақындай түсті», – деді Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубай.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды жаңа Конституция елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін айтты.

«Ерекше атап өтетін жайт – Конституция тұңғыш рет мемлекеттік тілде жазылды», – деді ол.

Алдағы референдумның маңызын өнер қайраткерлері де ерекше атап өтті. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева азаматтарды дауыс беруге қатысуға шақырды.

«15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Келіп, өз таңдауыңызды жасаңыздар», – деді әнші.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→