Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың жұбайы бір жылда 19 рет жол ережесін бұзған

Жамбыл облысында өтіп жатқан сот отырысында айыпталушының жол тәртібіне қатысты деректер жария етілді.

Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысуымен болған резонанстық жол-көлік оқиғасына байланысты сот процесі жалғасып жатыр.

Сот отырысында прокурор айыпталушының жүргізушілік тәртібі туралы мәліметтерді жария етті. Белгілі болғандай, қайғылы оқиғаға дейін бір жылдың ішінде оның атына 19 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Прокурор жол қозғалысы ережелерін сақтамау жүйелі сипатта болғанын атап өтті.

Алайда қорғаушылар бұл деректермен келіспейді. Олардың айтуынша, тіркелген 19 айыппұлды айыпталушыға біржақты телуге болмайды. Сақтандыру полисіне сәйкес, аталған көлікті басқаруға Шавкат Рахмоновтың өзі және оның бауырлары да құқылы болған. Қорғау тарапы ереже бұзылған сәттерде рөлде басқа тұлғалар отырған болуы мүмкін деген уәж келтірді.

Сот талқылауы жалғасып жатыр.