Жаңалықтар

Шымкентте бір үйдегі төрт пәтерден төрт адамның мәйіті табылды

Қайғылы оқиға газдан жаппай улану салдарынан болған.

Шымкент қаласында көпқабатты үйдің бір подъезінен төрт адамның денесі табылды. Жаппай газдан улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы жағдай «Студенческий городок» шағынауданында болған. Бір пәтерден 31 жастағы әйел мен 16 жастағы жасөспірім қыздың мәйіті анықталған. Екінші қабаттағы пәтерден 23 жастағы жігіттің жансыз денесі табылды. Сондай-ақ, үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде тұрған студент қыз да көз жұмған.

Көршілердің айтуынша, подъезде бірнеше күн бойы газ иісі сезілген. 20 жастағы бойжеткеннің денесін пәтер иесі жуынатын бөлмеден тапқан.

Оқиға куәгері Ислам Файзуллаевтың сөзінше, пәтер иесі ванна есігінің іштен құлыптаулы тұрғанын байқап, ашқан кезде қыздың жуыну кезінде көз жұмғанын көрген. Осыдан кейін учаскелік инспектор шақырылып, тұрғындар сыртқа шығарылған. Құтқарушылар басқа пәтерлердің есігін бұзып кіріп, тағы бірнеше мәйітті анықтаған.

Полиция адам өліміне әкеп соққан қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.