Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан: Жастар белсендісі референдумның маңыздылығын атап өтті

Шығыс Қазақстандық жастар белсендісі Ақтөре Ибрагимұлы алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті,— деп хабарлайды newsroom.kz

Шығыс Қазақстандық жастар белсендісі Ақтөре Ибрагимұлы 2026 жылғы 15 наурызда болатын референдумда өңір тұрғындарын белсенді болуға шақырды.

“Конституция жобасының басты мақсаты – Әділетті Қазақстан құру, заң үстемдігін нығайту және мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілік теңгерімін күшейту екені атап өтілді. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға басымдық берілгені айтылды” деді ол.


Оның айтуынша Жаңа Конституция жобасы ауылдық аумақтарды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды жаңартуға және әлеуметтік-экономикалық қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Аграрлық саясат ауыл шаруашылығын қолдау мен жергілікті өндірісті нығайтуды қамтиды. Табиғи ресурстар жауапкершілікпен әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Ауыл тұрғындарының қоғамдық шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту – басты басымдықтардың бірі. 

Ол өңір тұрғындары жаңа Конституция елдің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырып, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.