Әлем

Ирактың әуе кеңістігі 10 наурызға дейін жабық болады

Ирактың әуе кеңістігі 10 наурызға дейін жабық болады. Ирак аумағындағы әуе қозғалысына жауап беретін «Бағдад» ұшу ақпараттық аймағының диспетчерлік қызметіндегі дереккөз мәлімдеген,— деп хабарлайды newsroom.kz

«Әуе кеңістігі әлемдік уақыт бойынша 10 наурыз, сейсенбі күні сағат 09:00-ге дейін жабық болады», – деді агенттікке берген сұхбатында.

Айта кетелік, бұған дейін 28 ақпан күні күннің бірінші жартысында тоқтатылған ұшуларды қайта бастау мүмкін болатын уақыт ретінде 7 наурыз екені белгіленген еді.