Олар осылайша ел ертеңінің негізі қаланып жатқан сындарлы сәтте азаматтық белсенділіктерін байқатты.Жас отбасы дауыс беру учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Жас жұбайлар жаңа өмір бастаған отбасылары үшін де, елдің келешегі үшін де бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызы зор екенін атап өтті. Сондықтан олар халықпен бірге өз таңдауларын жасап, ел дамуына үлес қосуды парыз санайтындарын жеткізді.