Сұмдық! Пәкістанда аптап ыстықтан 10 адам қаза болды
Пәкістанның Синд провинциясындағы портты Карачи қаласында ауа температурасының күрт жоғарылауы салдарынан кемінде 10 адам көз жұмды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Пәкістанның метеорологиялық департаменті (PMD) бұған дейін қалада 2018 жылдан бергі ең ыстық күн тіркелгенін, ауа температурасы 44 градустан асқанын хабарлаған. Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқарманың ұсынымына сәйкес, «қалыптан тыс жоғары жазғы температура бүкіл ел бойынша миллиондаған адамға қауіп төндіруде» деген себеппен медициналық мекемелер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Билік тұрғындарды ашық түсті, жеңіл әрі кең киім киюге, бас киім тағуға және күннен қорғайтын крем қолдануға шақыруда.
PMD мәліметінше, Карачиде рекордтық жоғары температура 2018 жылдың мамыр айында тіркелген, ол кезде ауа температурасы 46 градусқа дейін жеткен.