weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге: Жеңіс күніне орай қолдау

Ардагерлерге қамқорлық жасау – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыс орталық және жергілікті деңгейде кешенді түрде жүзеге асырылып келеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге: Жеңіс күніне орай қолдау

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жергілікті бюджеттер есебінен ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсетті.

Мереке аясында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден (10 мың доллардан астам) төленді.

Жалпы алғанда, әкімдіктер тарапынан берілген мерекелік төлемдер 32,9 мың адамды қамтыды. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар бар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың жұбайлары және т.б.).

Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі жыл сайын артып келеді. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС қатысушыларының ай сайынғы жиынтық төлемі (зейнетақыны ескергенде) орта есеппен шамамен 290 мың теңгені құрайды. Ал ҰОС кезеңінде мүгедектік алған азаматтар үшін бұл көрсеткіш 300 мың теңгеден астам соманы құрайды.

Қаржылай көмектен бөлек, ардагерлерді қолдаудың бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Атап айтқанда, оларға тегін шипажайлық-курорттық емдеу, мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету және өзге де қолдау шаралары ұсынылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→