weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұлы Отан соғысы: Майданға Қызылорда облысыан 70 мың адам аттанды

Бүгін облыс әкімінің  орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлердің қатысуымен "Тағзым алаңында" 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»  атты салтанатты шара өтті,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ұлы Отан соғысы: Майданға Қызылорда облысыан 70 мың адам аттанды

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы зеңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз», - деген болатын.


Майдангерлердің ерен ерлігін, шексіз батырлығын жадымызда жаңғырту, оларды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.
Ел басына күн туып, ер етігімен қан кешкен қиын-қыстау заманда даңқты бабаларымыз батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті.Бүгінгі ұрпақ бейбітшілік аспаны астында, аштық пен суықты, сұрапыл соғыстың зұлматын көрмей, Тәуелсіз Отанымызда алаңсыз өмір сүруде. 
Батыр бабаларымыз қол жеткізген қасиетті де ұлы ерлік ел жадында мәңгі сақталады! Баршаңызды
Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!»- деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Салтанатты шарада соғыс қаhармандары құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, Мәңгілік алауға гүл қойылды. 

Еске салайық, соғыс жылдары Қызылорда облысынан  70 мыңнан астам азамат майданға аттанған. Оның 30 мыңнан астамы қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткен, 22 азамат Кеңес Одағының Батыры атанып, 20 мыңнан астам жауынгер түрлі орден- 
медальдармен марапатталған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→