Өзбекстан
Өзбекстанда орташа жалақы шамамен 5–6 млн сумды құрайды. Бұл шамамен 400–500 доллар аралығында. Елде өнеркәсіп, құрылыс және қызмет көрсету салалары белсенді дамып келеді.
Қырғызстан
Қырғызстандағы орташа айлық жалақы 35–40 мың сом шамасында. Долларға шаққанда 400 доллардан төмен. Ел экономикасында сауда мен қызмет көрсету саласының үлесі жоғары.
Тәжікстан
Тәжікстан Орталық Азиядағы ең төмен жалақы деңгейі бар мемлекеттердің бірі саналады. Орташа табыс шамамен 200–250 доллар көлемінде.
Түрікменстан
Түрікменстан бойынша нақты статистика сирек жарияланады. Дегенмен халықаралық сарапшылар елдегі орташа айлық табысты шамамен 300–400 доллар көлемінде бағалайды.
Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша жалақыға қатысты жаңартылған мәліметтерді жариялады.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады.
«Атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 109,1%-ды құрады, ал нақты мәнде – 97,7%. 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы медианалық жалақы көлемі (жалақы қатарының орта деңгейі) 331 527 теңге болды», – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.