weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлемдегі ең “қымбат” тәпішке: Өзбекстан кеденінен 16 400 доллар табылды

Өзбекстанның Әндіжан облысындағы «Достық» шекаралық кеден бекетінде шетел валютасын заңсыз алып шығу әрекетінің жолы кесілді,— деп хабарлайды newsroom.kz порталы upl.uz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең “қымбат” тәпішке: Өзбекстан кеденінен 16 400 доллар табылды

Шекарадан Қырғызстанға өтпек болған азаматты кеден қызметкерлері қосымша тексерген. Ер адамның күдікті әрекеті кеденшілердің назарын аударып, нәтижесінде оған жеке тексеру жүргізілген.

Тексеру барысында азаматтың аяқ киімінің ішіне арнайы жасырын орын жасалғаны анықталды. Ол арқылы ер адам шетел валютасын кедендік бақылаудан жасырып алып өтпек болған.

Кеден қызметкерлері одан декларацияда көрсетілмеген 16 400 АҚШ долларын тәркіледі. Ер адам бұл қаражатты кеден органдарына жазбаша да, ауызша да мәлімдемеген.

Аталған факті бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, Өзбекстаннан кедендік декларациясыз шетел валютасын 100 миллион сумнан аспайтын баламада алып шығуға болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→