weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 10:46 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркияда жасөспірімдерді өмір бойына соттау ұсынылды

Түркияда 18 жасқа толмаған азаматтар аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін,— деп хабарлайды newsroom.kz порталы azertag.az сайтына сілтеме жасап.

Түркияда жасөспірімдерді өмір бойына соттау ұсынылды

Тиісті өзгерістер Түркияның Қылмыстық кодексіне енгізілуі мүмкін. Заң жобасы алдағы аптада Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің қарауына ұсынылады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жазаны қатаңдату туралы бастама елдегі балалар арасындағы қылмыс деңгейінің өсу себептерін зерттеген парламенттік комиссияның жұмысы нәтижесінде әзірленген. Комиссия, атап айтқанда, Шанлыурфа мен Кахраманмараш провинцияларындағы білім беру ұйымдарында болған соңғы қарулы оқиғаларды да зерделеген.

Заң жобасына сәйкес, қылмыс жасаған кезде жасы 15 пен 18 аралығында болған тұлғаларға, егер Қылмыстық кодексте тиісті қылмыс үшін қатаң режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделсе, 19 жылдан 27 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ал егер қылмыс үшін жалпы режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылса, кәмелетке толмағандарға 15 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→