Аймақтар

Түркістанда 3 мыңнан астам кәсіпкер киберқауіпсіздікпен танысты

Түркістан облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасымен және "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес өкілдері үшін онлайн-кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция қатысушыларға жалған инвестициялық жобаларды, фишингтік сілтемелерді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы орын алатын алаяқтықты қоса алғанда, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы жеткізді. 
Сонымен қатар кәсіпкерлерге дербес және қаржылық деректерді қорғау шаралары түсіндіріліп, цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

ZOOM платформасындағы онлайн-кездесуге мемлекеттік органдардың, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының және Түркістан облысының 3 мыңнан астам кәсіпкерлерінің өкілдері қатысты.
Өз кезегінде полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың киберқауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша профилактикалық жұмысты жалғастырады.