weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Президент: Қазақстанның цифрлық болашағы жасанды интеллектпен байланысты

Астанада Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық даму бағытындағы басымдықтарына тоқталды.

Президент: Қазақстанның цифрлық болашағы жасанды интеллектпен байланысты
Фото: aqorda_resmi

Президенттің айтуынша, Қазақстан цифрлық технологияларды енгізу бойынша өңірдегі көшбасшы елдердің бірі саналады. БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде республика 193 мемлекет арасында 24-орында тұр.

Мемлекет басшысы бүгінде елде бірыңғай инновациялық экожүйе қалыптасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект мемлекеттік басқарудан бастап экономика мен бизнеске дейінгі барлық салада кеңінен қолданылатын маңызды құралға айналады.

Сондай-ақ Президент өткен жылғы Жолдауында алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойғанын еске салды. Осы мақсатта 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, инновацияға негізделген даму бағыты 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстанның жаңа Конституциясында да көрініс тапқан. Президент бұл бастамалардың елдің цифрлық болашағын қалыптастыру жолындағы алғашқы қадамдар екенін айтты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→